Біз сізге босануға қатысты терминдері бар шағын сөздік дайындадық. Босануға байланысты терминдерді түсіну сізге не болып жатқанын жақсы білуге, сенімдірек сезінуге және шешім қабылдауға көмектеседі. Медициналық терминологияны білу арқылы дәрігерлермен және акушерлермен тиімді араласып, сұрақтар қойып, олардың түсіндірмелерін түсінуге болады. Бұл босану процесін сіз үшін неғұрлым түсінікті және жайлы етед.
Жалпы терминдер
Босанудың хабаршылары
- Іштің төмен түсуі – жатыр түбі төмен түсіп, іштің пішіні өзгеруі.
- Кілегейлі тығынның шығуы – қынаптан қан жолақтары бар кілегейлі қоймалжыңның бөлінуі.
- Жаттығу толғақтары (Брэкстон-Хикс толғақтары) – ретсіз әрі әлсіз жатыр жиырылуы.
Босану кезеңдері
- Бірінші кезең (жатыр мойнының ашылуы) – тұрақты толғақтардың басталуынан жатыр мойны толық ашылғанға дейін (10 см).
-
Жасырын фаза – толғақтар әлсіз және сирек болатын бастапқы кезең.
-
Белсенді фаза – толғақтар жиілеп, күшейіп, ұзаққа созылатын кезең.
-
Екінші кезең (нәрестенің шығуы) – жатыр мойны толық ашылғаннан бастап баланың дүниеге келгеніне дейін.
-
Итеру – баланың босану жолымен жылжуына көмектесетін іш бұлшықеттерінің күшті жиырылуы.
-
Үшінші кезең (қуықшаның шығуы) – баланың туылғанынан бастап плацентаның (қуықшаның) бөлінуіне дейінгі уақыт.
Ұрықтың қалпы мен келуі
- Келуі (прележание) – баланың жатырдан шығуға ең жақын орналасқан бөлігі (басы, жамбас келуі).
- Қалпы – баланың жатыр осіне қатысты орналасуы (бойлай, көлденең, қиғаш).
- Позициясы – баланың арқасының жатырдың қай қабырғасына қарағаны (бірінші, екінші).
Толғақтар
- Толғақ – жатыр бұлшықеттерінің жиырылуы, көбіне ауырсынумен қатар жүреді.
- Тұрақты толғақтар – белгілі бір уақыт аралығында қайталанып, біртіндеп күшейеді.
- Толғақ арасындағы интервал – бір толғақ басталғаннан келесісі басталғанға дейінгі уақыт.
- Толғақ ұзақтығы – толғақ басталғаннан аяқталғанға дейінгі уақыт.
- Қуық суы (амниотикалық сұйықтық) – баланы қоршап тұрған сұйықтық.
- Қуық суының кетуі – ұрық қабығының жарылып, судың ағуы.
- Плацента (қуықша) – баланы кіндік арқылы оттегі және қоректік заттармен қамтамасыз ететін мүше.
Басқа терминдер
- Жатыр мойны – босану кезінде ашылатын жатырдың төменгі бөлігі.
- Босану жолдары – бала өтетін арна (жатыр мойны, қынап).
- Эпидуралдық анестезия – босану ауырсынуын жеңілдету үшін анестетик енгізу әдісі.
- Кесарь тілігі – баланы іштегі және жатырдағы тілік арқылы алу үшін жасалатын хирургиялық операция.
- Серіктестік босану – жақын адамның (жолдасы, анасы, құрбысы) қатысуымен өтетін босану.
- Доула – босану кезінде психологиялық қолдау көрсететін арнайы маман.
Бұл тек босануға дайындық кезінде кездесетін терминдердің кейбірі ғана. Егер түсінбеген жерлеріңіз болса, дәрігерден немесе акушерден сұраудан тартынбаңыз.