Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердің өмірінде фолаттардың маңыздылығы.
В9 дәрумені ағзаның ішінде маңызды процестерге қоса отырып ұрықтың дамуымен өсуіне қатысады. Фолаттар, оның ішінде белсенді түрі -Метафолин®) ұрықтану кезінде жүйке түтікшесінің ақауларын болдыртпайды НТА[2].
Статистикалық дерекөздерге жүгінсек жүйке түтікшесінің ақауынан жыл сайын 300 000 туған нәресте зардап шегеді[3].
Бұл ақау әдетте ұрықтанғаннан кейін 28 күн ішінде пайда болады. Бұл ақау омыртқа жотасын, бас мидың, бас сүйектің ақауларына әкеліп соқтырады[4].
Фолаттар ағзада бірте-бірте жиналады.
Дәл осыған байланысты В9 дәрумененін, ерте бастан қабылдау қажет (ұрықтанудан бұрын), нейруляция процессіне қажет деңгейге жету үшін 2-3 ай бұрын қабылдап бастау қажет. [5].
Нейруляция- бұл эмбрионның даму кезінде жүйке пластинасының дамуы және оның жүйке түтігіне жабылуы.
Ағзадағы В9 деңгейін көбейту үшін, табиғи фолаты бар тағамдарды жеу қажет, немесе құрамында фолат бар тағам қосындысын қолдану керек. Сондайақ фолаттары бар дәрумен жиынтығын қабылдауға болады -таблетка немесе капсула түрінде.
Өкінішке орай табиғи фолаттар толық сіңбейді және де қажетті деңгейге дейін толықтырмайды. Бұл толық емес биожетімділігіне және тағамды дайындаған кезде өңдеуге байланысты. [6].
Дамыған елдерде ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердің 40% ғана күнделікті фолат қабылдайды және ұрпақ өрбіту жасындағы бойжеткендердің 24% ғана қалыпты ұсынылған мөлшерді ұстанады.[7].
Төмендегі жайттарға байланысты көп әйелдерде ұрықтану кезінде фолат деңгейі оптималды болмайды:
Бала туатын жастағы әйелдерді фолий қышқылының жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ете алатын қосымша стратегияларға медициналық қажеттілік өзекті тақырып болып қала береді. Метафолин® бар тағамдық қоспалар мен дәрумендік кешеңдермен заманауи контрацептивтер сенімді құралдардың бірі болып табылады. Олар контрацепцияны қажет ететін әйелдерді фолий қышқылының ұсынылатын тәуліктік қабылдауымен қамтамасыз етеді, сонымен қатар ұрықтану кезеңінде фолий деңгейін жеткілікті жоғары болу ықтималдығын арттыруы мүмкін[10].
Фоллат қосылған КОК артықшылығы:
Заманауи қосарланған контрацептивтер қалаусыз жүктіліктен қорғай отырып болашақ балаңыздын денсаулығына қамқорлық жасайды.
Өзіңіздің гинекологыңыздың кеңесіне барып жүктіліктен сақтнудың тиімді жолдарын біліңіз.
Дереккөздер:
Бұл сайтта берілген ақпарат әйелдер денсаулығына қатысты мәселелер туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Алайда денсаулық сақтау маманының кеңесін алмастырмайды. Сұрақтарыңыз болса, өзіңіздің дәрігеріңізге жүгініңіз.
© 2022 ТОО «Байер КАЗ».
Барлық құқықтар қорғалған
PP-YARP-KZ-0004-1