Босанғаннан кейінгі жүктіліктен сақтану тәсілдері

28 желтоқсан 2021

Кейде босанғаннан кейінгі уақытта болған жүктілік
күтпеген жағдайға айналады, себебі етеккір қайта қалыптаспасада, сіз жүкті болуыңыз мүмкін.

Сондықтан жүктіліктен сақтану мәселесін босанғанғаннан кейін бірден шешу керек. Медицина қызметкерімен  ақылдасып, өзіңізге қолайлы, жүктіліктен сақтану тәсілін таңдаңыз.

Бүгінгі таңдағы заманауи көзқарастарға сүйенсек, әрбір келесі нәресте,алдындағы бөбегіңіздің емшекпен емізуінің аяқталғанынан кейін екі жылдан кейін дүниеге келу керек. Осы аралықта әйел адамның ағзасы толық қалпына келеді. Сол себепті, қайта жыныстық қатынас басталуымен қатар, жоспарланбаған жүктіліктен қолайлы сақтану мәселесі 
туындайды.

Жүктіліктен сақтанудың қандай әдістері бар?

Босанғаннан кейін әйелдерге  жүктіліктен сақтану әдістерінің кең таңдауы бар.
Қайтарымды (уақытша) сақтану әдістері және қайтарымсыз (тұрақты) әдістері бар.
 

 Уақытша сақтану әдістері

Көрсетілген әдістерстердің бірін қолдануды тоқтатқаннан кейін, әйел бірден жүкті болуы мүмкін. Уақытша әдістерге жатады:

  • Ұрықтануға қарсы таблеткалар (қосарланған таблеткалар және таза прогестин таблеткалары)
  • Егу тәсілімен еңгізілетін контрацептив (Депо-Провера)
  • Жатырішілік зат(ЖІЗ) (құрамында мысы бар немесе гормоны бар)
  • Мүшеқап (ерлердікі, әйелдердікі)
  • Спермицидтер(жақпа, балауыз, қынаптық таблетка)
  • Лактационды аменорея тәсілі (ЛАТ)

Тұрақты (қайтарымсыз) сақтану әдісі

Әйелдердің және ерлердің стерилизациясын, қалаған бала саны бар, болашақта тағы балалы болуды жоспарламайтын жұптарға ұсынылады.

Бала емізетін болса, босанғаннан кейін жүктіліктен сақтанудың қандай әдісін қолдануға болады?

Босағаннан кейін бірден қолдануға болатын әдістер:

  • Тосқауыл (мүшеқап)
  • Спермицидтер
  • Жатырішілік зат (ЖІЗ)
  • Ұрықтануға қарсы таблеткалар, құрамында тек прогестины бар(мини-пили)
  • Хирургиялық стерилизация

Босанғаннан кейін 4-6 аптадан соң қолдануға болатын әдістер:

  • Лактационды аменорея тәсілі (ЛАТ) 
  • Жатырішілік зат (ЖІЗ)
  • Құрамында тек прогестины бар контрацептивтер (Депо-Провера, мини-пили)
  • Тосқауыл (мүшеқап)
  • Спермицидтер
  • Хирургиялық стерилизация

Босанғаннан кейін 6 айдан кейінгі қолдануға болатын әдістер:

  • Жатырішілік зат (ЖІЗ)
  • Қосарланған оралды контрацептивтер (ҚОК)
  • Құрамында тек прогестины бар контрацептивтер (Депо-Провера, мини-пили)
  • Тосқауыл (мүшеқап)
  • Спермицидтер
  • Хирургиялық стерилизация

 Әр әдіс туралы толығырақ

Лактационды аменорея әдісі (ЛАӘ)

ЛАӘ - бұл жүктіліктен сақтанудың уақытша әдісі, емшек емізген уақытта жүкті болу мүмкіндігі болмауында негізделеді. Әйелді жүктіліктен сақтайды, балаға толыққанды көрек қамтамасыз етеді.

Жүктіліктен қорғау әсері алғашқы 6 ай көлемінде сақталады, егер етеккір циклы басталмаған болса және бала тек емшек сүтімен көректенетін болса.

  Артықшылықтары -  тиімді әдіс; қорғау босанғаннан кейін бірден басталады, жыныстық қатынаспен байланысты емес; жанама  әсері жоқ; медициналық бақылауды қажет етпейді; тегін; қолдану оңай, әрдайым қол астында, ана мен баланың денсаулығына пайдалы.

Кемшіліктері - алғашқы 6 ай ішінде тиімді, тек емшекпен емізетін әйелдерге келеді, ЛАӘ бар ережесін сақтаған жағдайда, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан, АИТВдан  қорғамайды, жұмысты сыртта жасайтын немесе ұзақ уақыт сыртта болатын әйелдер қолданалмайды.

Жанама әсері-жоқ.
ЛАӘ қолданатын әйелде туындайтын кез-келген мәселе басқа бала емізетін әйелдердің мәселесінен еш айырмашылығы жоқ.

ЛАӘ сізді жоспарланбаған жүктіліктен 98 % қорғайды, егер сіз келесі шарттарды бірдей ұстансаңыз:

  1. Бөбегіңіз 6 айдан үлкен емес
  2. Бөбегіңізді күндізде түнде де тек емшекпен емізесіз, тәулігіне 8-10 реттен кем емес. Күндізгі тамақтану арасындағы үзіліс 4 сағаттан артық емес, түнгі үзіліс 6 сағаттан артық емес;
  3. сіздің етеккіріңіз қайта басталмаған

Егер де сіз осы шарттардың біреуін ұстанбасаңыз, әлде балаңыз жасанды тамақтануда болса, бұл жағдайда міндетті түрде басқа жоспарсыз жүктіліктен сақтайтын әдіс қолдануыңыз қажет.

Өзіңіздің гинекологыңызға немесе жүктілік жоспарлау кабинетінің дәрігеріне  барыңыз, сізге ыңғайлы әрі тиімді әдәсті таңдаңдауға көмектеседі.

Қандай жағдайда клиникаға барып басқа жүктіліктен сақтау әдісі қолдануы туралы кеңес алу керек:

  • Балаңыз 6 айға толды;
  • Емізіп жүрген ананың етеккірі қайта басталды;
  • Бала ретті түрде қосымша тамақ жеуді бастады;
  • Бала түнде тамақтанбай ұйықтайды;
  • Бала анасынан ұзақ мерзімге ажыраған;
  • Бала  тәулігіне  8-10 реттен кем емшек емеді.

Өзіңізді тексеріңіз, ЛАӘ сізді қорғай алады ма?

Егер сіз бар сұраққа «ЖОҚ» деп жауап берсеңіз, қаласаңыз сіз лактационды аменорея әдісін қолдана аласыз. Егер де сіз кемінде бір сұраққа «ИӘ» деп жауап берсеңіз, нұсқауларды орындаңыз.

Ерлердің және әйелдердің мүшеқабы

Латексті немесе полиуретады қаптама, ерлер мүшесін сыртынан қаптап тұрады (ерлердің мүшеқабы), әйелдердің қынабының ішінде болады (әйелдердің мүшеқабы).

Бұл қалай жұмыс жасайды?

Жүктіліктен сақтау қасиеті, механикалық бұғаттау арқылы қамтамасыз етеді, шәуіттің қынапқа енуіне кедергі жасайды.

Негізгі артықшылықтары қандай?

  • Тек жыныстық қатынас кезінде пайдалану қажет
  • Жыныстық серіктестерді ЖЖБИ оның ішінде АИТВдан қорғайтын жалғыз әдіс.
  • Жанама әсері жоқ (кей адамдарда латекске аллергия болады)
  • Бүгінгі таңда алуан түрлі бренд, сапа, өлшемі қол жетімді

 Басты жетіспеушіліктері қандай?

  • Жыныстық қатынас алдында кию, қынапқа еңгізу және жыныстық қатынысты үзуді қажет етеді
  • Кейде жыртылуы, шешіліп кетуі немесе сыртқа шығуы (әйелдердікі) мүмкін
  • Шәует шыққаннан соң абай болу керек
  • Қаламаған жүктіліктің алдын алу мақсатында жеткілікті тиімді емес

Спермицидтер

Бұл не?

Бұл таблетка түрінде немесе балауыз, жақпа түріндегі жүктіліктен сақтану құралы, құрамында химиялық зат бар. Спермецидтерді  жүктіліктен сақтану үшін ,жыныстық қатынас алдында еңгізу керек.

Бұл қалай жұмыс жасайды?

Спермицдтердің құрамындаңы химиялық заттар сперматозоидтардың мембранасын бұзады, олардың қозғалғыштығын және жұмыртқаны ұрықтандыру қабілетін төмендетеді. Олар мойын шырышының қоюландырып сперматазоидтің енуіне кедергі жасайды.

Басты артықшылықтар қандай?

  • Жүктіліктен тез қорғайды
  • Емшекпен емізуге әсері жоқ
  • Бұл әдісті қолданумен байланысты денсаулыққа тиер зиян жоқ
  • ЖЖБИ жұқтыруын төмендетеді

Басты кемшіліктері қандай?

  • Орташа тиімділік
  • Қолдану жыныстық қатынаспен байланысты
  • Сақтау тәртібін ұстану керек
  • Жанама әсері болуы мүмкін- қынптың немесе жыныс мүшесінің тітіркенуі, жайсыздық болуы мүмкін

Оралды контрацептивтер- Қосарланған таблеткалар

Бұл не?

Таблеткалар екі гормоннан тұрады: эстроген және прогестаген

Бұл қалай жұмыс жасайды?

  • Әйелдің ағзасында аналық безден жұмыртқа шығуын (овуляцияны) болдырмайды
  • Цервикалды өзектің шырышын қоюландырады, бұл өз алдына сперматазоидтардың әрі қарай жатыр ішіне  енуіне кедергі болады
  • Жатырдың ішкі қабатын(эндометрийді) жұқартады, сол себеті етеккір аз көлемде келеді

 

 Қосарланған таблетка артықшылығы қанда?

  • Жыныстық қатынас барысында тоқтаудың қажеті жоқ, әдеттегі сексуалды қалауларыңызды өзгертудің қажеті жоқ
  • Көп әйелдер елеулі жанама әсерін байқамайды
  • Аналық без обырының және де сүт безінің қатерлі  емес  ісіктерінің  алдын алады
  • Еттекір кезіндегі ауырсынуды төмендетеді
  • Етеккір реттеледі
  • Етеккір күні мен көлемі азаяды
  • Толығымен қайтарымды әдіс
  • Қолдану оңай
  • Терігі жағымды әсері болуы мүмкін, мысалыға безеуді азайтады

Қосарланған таблеткалардың негізгі жетіспеушілігі қандай?

  • ЖЖБИ қорғамайды  (бірақ басқа әдістермен бірге қолдануға болады)
  • Емшек емізетін әйелдерге жарамайды, себебі сүт шығуын төмендетеді;
  • Артериалық қан қысымы жоғары, тромбоздары бар (тамыр ішінде қан ұйып қалу) әйелдерге жарамайды. Бауырдың жіті кезендегі ауруы бар әйелдерге жарамсыз.
  • Қабылдау басында уақытша жанама әсері болуы мүмкін жүрек айну, сүт бездерінің ауырсынуы, бас ауруы,кей әйелдерде  етеккір арасында қан жұғу. 
  • Әдетте үш ай көлемінде кетеді.
  • Күнде қабылдау қажет
  • Құсу, іш өту немесе кейбір дәрілерді қабылдау тиімділігіне кедергі келтіруі мүмкін


Оральды контрацептивтер- құрамында тек прогестин бар таблеткалар (мини-пили)

Құрамында тек бір гормоны –прогестині бар таблеткалар.

Олар қалай жұмыс жасайды?

  • Жатыр мойынының шырышын қоюландырады, сперматазоидтардың жатыр қуысына енуін қыйындатады
  • Жатырдың шырышты қабатын өзгертеді
  • Овуляцияны болдыртпайды (әр кез емес)

Негізгі  артықшылықтары  қандай?

  • Елеулі  жанама әсері аз
  • Жыныстық қатынас барысында тоқтаудың қажеті жоқ
  • Емізулі баласы бар әйелдер қолдануға болады, себебі сүт шығуын азайтпайды.
  • Эстроген қабылдай алмайтындарға пайдалануға болады.

Басты жетіспеушілігі қандай?

  • Етеккір ретсіз болуы мүмкін
  • ЖЖБИ қорғамайды  (бірақ басқа әдістермен бірге қолдануға болады)
  • Әрдайым бір уақытта қабылдау керек
  • Қолдануды бастаған кезде уақытша жанама әсері болуы мүмкін: безеу, тері майлы болады, сүт бездері сезімтал болады, іш кебуі, бас ауруы болуы мүмкін

Жатыр ішілік құралдар (ЖІЗ) гормоналды спираль деп те танымал

Бұл не?

Көлемі кішкентай, жүмсақ резервуарында прогестині бар пластик құрал. Жатыр ішіне арнайы оқытылған маман еңгізеді. 5 жылға дейін жатыр ішінде болуы мүмкін.
 

Бұл қалай жұмыс жасайды?

  • Жатыр ішіне үздіксіз прогестин бөледі
  • Цервикалды өзектің шырышын қоюландырады, бұл өз алдына сперматазоидтарды әрі қарай жатыр ішіне  енуіне кедергі болады
  • Жатырдың ішкі қабатын жұқартады (эндометрийді)

Басты артықшылығы қандай?

  • Бес жылға дейін тиімді (ең тиімді әістің бірі)
  • Жыныстық қатынас барысында тоқтауды қажет етпейді
  • Емшек емізететін немесе эстроген көтермейтін әйелдерге табылған әдіс.
  • Етеккір азаяды, қысқарады, ауырсыну басылады
  • Алып тастағаннан кейін көтеру қабілеті бірден қалпына келеді
  • Басқа дәрі қабылдау әдіс тиімділігіне әсер етпейді

Басты кемшіліктері қандай?

  • Қан кетуі мүмкін, әсіресе әдепкі 3 айда
  • Уақытша жанама әсері болуы мүмкін, бас ауру, сүт бездерінің сезімталды болады, жүрек айну деген сияқты.
  • ЖЖБИ қорғамайды  (бірақ басқа әдістермен бірге қолдануға болады)
  • Тек арнайы оқытылған маманмен салынып алынады

Жатырішілік спираль (ЖІЗ)
 
 

Бұл не?

Кішкентей, жұмсақ мыс жібі бар құрал, жатыр ішіне арнайы оқытылған маман еңгізеді.
 

Бұл қалай жұмыс жасайды?

Тотығу әсерінен жатыр қуысында химиялық өзгерістер болады, олар сперматозоидтпен жұмыртқаны қосылмай тұрып  істен шығарады
 

Басты артықшылығы қандай?

  • 5-12 жыл ішінде тиімділігін жоғалтпайды (түріне байланысты)
  • Жыныстық қатынас барысында тоқтауды қажет етпейді
  • Ұрықтану қабілеті  ЖІЗ алынғаннан кейін бірден қалпына келеді

Басты кемшіліктері қандай?

  • Етеккірдің ұзақ, көп мөлшерде, ауырсынып келуіне ықпал етеді, бас айналу пайда болуы мүмкін
  • ЖЖБИ қорғамайды  (бірақ басқа әдістермен бірге қолдануға болады)
  • Жатырды немесе жатыр мойынын зақымдауы мүмкін
  • Тек арнайы оқытылған маман алып салады.

Стерилизация/Вазэктомия

Бұл не?

Қайтарымсыз жүктіліктен сақтану әдісі- болашақта басқа бала қажет етпейтін адамдарға арналған әдіс

Бұл қалай жұмыс жасайды?

Еркектердің стерилизациясы (вазэктомия)

Сперматозоидтар өтетін түтікшелер эякуляция кезінде ұрықта сперматозоид болмайтындай етіп кесіледі немесе байланады

Әйелдер стерилизациясы

Жатыр түтікшелері байланып, кесіледі, аналық жұмыртқамен аталық ұрық (сперматозоид) кездеспейтін қылып.

Басты артықшылығы қандай?

  • Әдіс тұрақты, өте тиімді
  • Жыныс қатынас барысында тоқтауды қажет етпейді

Басты жетіспеушілігі қандай?

  • Қайтарымсыз
  • ЖЖБИ қорғамайды (басқа әдістермен бірге қолдануға болады)
  • Өте сирек еркектерде ауырсыну болады
  • Хирургиялық кірісуді қажет етеді

Жедел контрацепция

Бұл не?

  • Қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін немесе контрацепцияның басқа әдісі нәтиже бермеген кезде қолдануылуы мүмкін шұғыл әдістер(мысалы презерватив жыртылуы)
  • Төтенше жағдайда ғана пайдалануға арналған, тұрақты пайдалануға жарамсыз.

Бұл қалай жұмыс жасайды?

  • Кейде босанғаннан кейінгі уақытта болған жүктілік
  • күтпеген жағдайға айналады, себебі етеккір қайта қалыптаспасада, сіз жүкті болуыңыз мүмкін.
  • Сондықтан жүктіліктен сақтану мәселесін босанғанғаннан кейін бірден шешу керек. Медицина қызметкерімен  ақылдасып, өзіңізге қолайлы, жүктіліктен сақтану тәсілін таңдаңыз.
  • Бүгінгі таңдағы заманауи көзқарастарға сүйенсек, әрбір келесі нәресте,алдындағы бөбегіңіздің емшекпен емізуінің аяқталғанынан кейін екі жылдан кейін дүниеге келу керек. Осы аралықта әйел адамның ағзасы толық қалпына келеді. Сол себепті, қайта жыныстық қатынас басталуымен қатар, жоспарланбаған жүктіліктен қолайлы сақтану мәселесі  туындайды.

Жүктіліктен сақтанудың қандай әдістері бар?

  • Таблеткаларды- қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін барынша тез қабылдау керек- ең кереметі 12 сағат ішінде және 120 сағаттан кеш емес.
  • Алайда неғұрлым тездеті қабылдаса соғұрлым тиімдірек болады.
  • Бұл таблеткалар құрамында прогестин бар(левоноргестрел).
  • ЖІЗ (спираль)-қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін 120 сағат яғыни 5 күн ішінде, медициналық қызметкермен салынады жыныс жолдарынын инфекциясы расталмаған жағдайда.