Перзентханада жаңа туылған нәрестене ең маңызды алғашқы тексеруден өткізеді. Төменірек біз, қандай тексерулер екенін айтамыз.
Туа біткен гипотиреоз
Жаңа туылған гипотиреозы бар нәрестелеге тироксин гормоны жетіспейді. Тироксинсіз балаларда психоэмоцианалды, интелектуалды дамуымен қыйындықтар туындайды, кейін білім алуы қыйындайды. Бұл дертке шалдыққан балдарға арнайы дәрі беріледі, сол ем арқылы қалқанша бездің жұмысы түзеліп, әрі қарай жақсы дамуға ықпал етеді.
Фенилкетонурия дегеніміз не?
Біздің ағзамыз ет, балық сияқты тамақтың құрамындағы- ақуызды аминоқышқылдарға бөлшектейді,олар өз алдына ақуыздың «құрылысына» қажет.
Ол аминқышқылдар кейін біздің ағзамызқа қажет ақуыздар жасау үшін қолданылады. Керегі жоқ аминқышқылдар ыдырап, ағзадан шығарылады. Фенилкетонурияға шалдыққан адамдарда-фенилаланин деген аминқышқылын ыдырататын қабілеті жоқ, ол өз алдына қан құрамында жиналып бас миімен, мидің бөлшектерін зақымдайды.
Фенилкетонурияның негізгі емі- бұл арнайы ас мәзірін ұстану- құрамында ақуызы аз тамақ жеу, құрамында ақуызы көп тағамдардан мүлдем бас тарту (мысалыға, ет, жұмыртқа, сүт өнімдері) және де көптедеген басқа тағамдарды реттеп жеу- картоп, бидайлар.
Одан басқа фенилкетонуриясы бар адамдар әрдайым аминоқышқылдары бар тамақ қоспаларын қабылдау қажет, қалыпты даму үшін, денсаулық үшін.
Сондай-ақ ФКУ және соған байланысты жағдайлары бар адамдарға ас мәзіріне қосу үшін арнайы әзірленген қарапайым тағамдардың (ұн, күріш және макарон сияқты)ақуызы төмен нұсқалары бар.
Егер де фенилаланинның төмен деңгейі анықталса бала сол сәтте арнайы ақуыз деңгейі төмен, аминоқышқылдары бар тамақтануға көшіріледі.
Жаңа туылған нәрестелер үшін толыққанды тамақтану үшін арнайы сүт қоспасы шығарылады.
Бала дәрігері-педиатр, сіздің балаңыз үшін арнайы тамақтану жоспарын құрады, балаңыздың өсуіне байланыста қайта қаралып түзеліп отырады, балаңыздың қажеттілңгіне қарай.
Егер ФКУ бар адамдар бала кезінде ақуызы төмен диетаны жақсы ұстанса ал фенилаланинның деңгейі қалыпты болса ол дені сау болып өседі.