Жүктілерде қыжыл-бөлек бір симптом, жүктілік барысында пайда болады және ешқандай созылмалы ауруларға қатысы жоқ.
Статистикаға жүгінсек, қыжыл 30-50%жүктілерде кездеседі, кейде 80% кездеседі деп жазады, әсіресе үлкен мерзімдерде.
Бұл гормоналды өзгерістерге қатысты болуы мүмкін немесе өсіп жатқан жатырға байланысты, себебі өскен жатыр іш қуысының басқа мүшелерін органикалық қысымға ұшыратады.
Қыжыл белгілері:
Әдетте симптомдар ас ішкеннен кейін көп ұзамай пайда болады, кейде ас ішу аралыснда да болады егер екі тамақтанудың арасы алшақ болса. Қыжыл жүктіліктің әр кезінде пайда болуы мүмкін, бірақ жиірек жүктіліктің екінші жартысында пайда болады.
Қыжылдан құтылу үшін немесе бәсеңдету үшін не жасау керек?
Кеңес береді:
Ең дұрысы кішкентай порциялармен күніне 3 реттен кем емес және ұйқы алдында 3 сағат бұрын тамақтаныңыз.
Қыжыл белгілерін қандай дәрі азайтады?
Антацидтер- асқазан қышқылын бәсеңдететін дәрілер (кейбіреулерін дәріханада рецептсіз сатып алуға болады).
Қандай дәрі –дәрмекті қабылдауды бастаған дұрыс екендігі туралы дәрігермен кеңесу қажет.Егер сіз темір препараттары мен антацидтерді қоса қабылдасаңыз, оларды бір уақытта қабылдамаңыз. Антацидтер темірдің сіңуін тежейді.