Гестациялық қант диабеті

1 желтоқсан 2021

Гестациялық қант диабеті даму қауіпі бар барлық жүкті әйелдерге жүктілік кезінде гестациялық қант диабетіне сынама өткізу ұсынылады.

Бұл туралы барынша ертерек терапевт немесе акушеріңізбен сөйлесіңіз, жүктіліктің ерте мерзімінде осы сынаманы өтуіңіз үшін.

Гестациялық қант диабетінің себептері

Зерттеушілер әліге дейін неге кей әйелдерде гестациялық қант диабеті дамиды, ал кейбіруінде дамымайтынын түсінбейді.
Бірақ, сіз жоғары тәуекелде боласыз егер:

  • Алдыңғы жүктілігіңізде  гестационды қант диабеті болған болса
  • Ірі нәресте босанған болсаңыз(4,5 кг немесе 10 футқа жуық және одан жоғары) алдыңғы жүктілігіңізде.
  • Дене салмағыңыздың индексі (ИМТ сілтеме) семіздікке шалдыққандардың ішінде болса (30 жоғары).
  • Сіздің ата-анаңыз, ініңіз, сіңіліңіз немесе балаңыз диабетке шалдыққан болса
  • Сізде поликистозды аналық без синдромы болса.

Сіздің акушеріңіз осы тәуекел факторлары туралы қабылдауда сұрайды. Егер сізге лайықты болса, сізге жүктіліктің 28 аптасында гестациялық қант диабетіне сынама өту ұсынылады.

Егер сізде бұрын гестациялық қант диабеті болған болса, сізге бұл сынаманы қабылдауға келгеннен кейін көп ұзамай өту ұсынылады. , егер бірінші сынама қалыпты болса, 24-28 апта аралығында тағы сынақтан  өту ұсынылады.

Сіздің денеңіз қантты (глюкозаны) қалай қолданады

Гестациялық қант диабетінің себептерін түсіну үшін сіздің ағзаңыз глюкозаны қалай пайдаланатынынын білуіңіз керек. 

Қандағы қант- бұл қандағы глюкозаның көрсететін көрсеткіш. Глюкоза-бұл тамақ пен сусыннан алынатын қант. Сіздің денеңіз энергия үшін глюкозаны қажет етеді. Сіздің глюкоза деңгейіңіз күні бойы өзгереді.

Ағзадағы глюкозаны  қауіпсіз деңгейде ұстау инсулин деген гормонмен  реттеледі. Егер сізде глюкоза деңгейі жоғары болса сіз өзіңізді нашар сезінуіңіз мүмкін.Егер сізде глюкоза деңгейі жоғары болса(мысалы тамақтанғаннан кейін), инсулин кейінірек пайдалану үшін жасушаларда қосымша глюкозаның жиналуына мүмкіндік береді. 

Жүктілік кезінде сіздің денеңіз гормондарды жоғары деңгейде шығарады және осы гормондардың кейбірі инсулиннің қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Ағза әдетте инсулин мөлшерін көбейту арқылы жауап береді. 

Дегенмен кейбір әйелдердің ағзасы жеткілікті мөлшерде қосымша инсулин шығармайды немесе өндірілген қосымша инсулин глюкозаны жасушаларда сақтау үшін жеткілікті түрде жұмыс жасамайды. Бұл гестациялық қант диабеті деп аталатын қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауына әкеледі.