Ұрықтануға, жүктілік ағымына, баланың денсаулығына әсер ететін ЖЖБИ сынама өту ұсынылады. АИТВ, Вирустық гепатиттің В және С түрі,хламидиоз, соз,трихомоноз, герпетикалық инфекция, мерез.
АИТВ (Адам иммун тапшылығының вирусы)
АИТВ- Адам иммун тапшылығының вирусы шақырылатын ауру,яғни иммундық жүйені зақымдайтын, оның баяу бұзылуына әкелетін, кейіннен жүре пайда боған иммун тапшылығы синдромы(ЖИТС) дамиды.
Белгілі бір уақтта адамның ағзасы әлсірейді де, басқа адамдар мүлде ауырмайтын немесе өте сирек ауыратын инфекциялық аурулармен ауруы мүмкін. Бұл аурулар «опуртунистикалық» деп аталады. АИТВ тек адамның ішінде өсіп дамиды.
АИТВ жұқтырған кезде адамдардың көбісі ештеңе сезбейді. Кейде жұқтырғаннан кейін бірнеше аптадан соң тұмауға ұқсас жағдай пайда болады(дене қызуы жоғарылайды,денеде бөртпе пайда болады,лимфа бездері ұлғаяды, іш өту).Көп жылдар бойы адам өзін дені сау болып сезінеді.
Бұл кезең жасырынды деп аталады(латентті) сатысы. Дегенмен, бұл уақытта ағзада ештеңе болып жатқан жоқ деп ойлау дұрыс емес. Кез келген патоген, сонық ішінде АИТВ ағзаға еңген кезде, иммундық жүйе иммундық жауап береді. Ол қоздырғышты залалсыздандыруға және оны жоюға тырысады.
Ол үшін иммундық жүйе антиденелерді шығарады. Антиденелер патогенді байланыстырады және оны жоюға көмектеседі. Сонымен қатар, арнайы ақ қан жасушалары(лимфоциттерде) патогенмен күресе бастайды. Өкінішке орай, АИТВ-мен күресуде мұның барлығы жеткіліксіз-иммундық жүйе АИТВ-ны бейтараптай алмайды, ал АИТВ, өз кезегінде, иммундық жүйені біртіндеп бұзады.
Адам АИТВ жұқтырғанымен, ЖИТС бар деген сөз емес. ЖИТС даму үшін көп уақыт керек(орта есеппен 10-12 жыл).
АИТВ қан және басқа биологиялық сұйықтықтар арқылы жыныстық қатынас арқылы беріледі немесе инфекцияланған инемен. Егер емдемесе АИТВ балаңызға жүктілік кезінде, босану барысында немесе емшек емізу кезінде жұғуы мүмкін. АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерде антиретровирустық ем балаға АИТВ берілуді 1% төмендетеді.
АИТВ балаға берілуі біршама төмендейді егер:
Бұл АИТВ балаға берілу қауіпін 4 ден 1і ден 100 ден 1 дейін.
Сіздің серіктесіңізге және басқа балдарыңызға АИТВға сынама өту ұсынылады.
Жүктілік кезіндегі АИТВ
Жүкті болып есепке тұрған сәтіңізде, әйелдер кеңесінде, немесе жүкті әйелдерді бақылайтын клиникада, сізге АИТВға құпия түрде сынама өтуді ұсынады, күнделікті босануға дейінгі күтіміңізге байланысты. Егер АИТВға сынамаңыз теріс болса, кейінгі бақылау денсаулығыңызға қарай, жүктілік ағымына қарай жүргізіледі. Егер АИТВға сынамаңыз оң мәнді болса, сіздің дәрігеріңіз немесе акушеріңіз сізбен бұл жайды талқылайды, толығырақ ақпаратты АИТВ маманынан алуға болады.
Соңғы АИТВ жөнінде зерттеулер,егер сіз АИТВ-оң мәнді болсаңыз, деніңіз сау, ешқандай инфекция белгісі болмаса, АИТВ сіздің жүктілігіңізге кері әсер бермейтінін мәлімдейді.
Алайда АИТВ сіздің балаңызға жүктілік кезінде, босану барысында немесе емшекпен емізу кезінде берілуі мүмкін.
Егер сізге АИТВ диагнозы қойылса, сіз және дәрігеріңіз жүктілікті және босануды жүргізуді талқылауларыңыз керек, балаға АИТВ жұқтыру қауіпін төмендеті үшін.
Жүктілік кезінде емделу АИТВ балаға берілу қауіпін 4 ден 1і ден 100 ден 1 дейін төмендетеді. Туылғаннан кейін сіздің балаңыз АИТВға сынаманы бірнеше уақыт өтіп тұрады 18 ай бойы.
Сізге емшекпен емізуден бас тарту ұсынылады, себебі бұл жұқтырудың бір жолы болып табылады. Егер сіз АИТВ жұқтырған болсаңыз дәрігеріңізбен немесе акушеріңізбен сөйлесіп бір шешімін табыңыз.
В және С гепатиттері
Гепатит В- бұл В гепатит вирусымен шақырылатын инфекциялық бауырды зақымдайтын ауру.
В гепатиті бар адамдардың көпшілігнде аурудың белгілері байқалмайды, бірақ олар В гепатиті вирусын тасымалдауы мүмкін, және олар басқа адам үшін инфекция көзі болуы мүмкін екенін білу маңызды. В гепатиті вирусы бауырдың жедел және созылмалы ауруларын шақыруы мүмкін, олар өз алдына адам ағзасының басқа органдары мен жүйелеріне зақым келтіруі мүмкін.
Хламидиоз
Хламидиоз инфекциясы (урогениталды хламидиоз)-жыныстық қатынас арқылы берілетін ауру, қоздырғышы Chlamydia trachomatis.
Chlamydia trachomatis.-грамм теріс жасушаішілік бактерия, Chlamydiales тобына, Chlamydiaceae тұқымдасына жататын, хламидия инфекциясы
Урогениталды хламидиоз-кең тараған жыныстық қатынас арқылы берілетін ауру.
Урогенитальды трихомониаз
Урогенитальды трихомоноз- жыныстық жолмен берілетін инфекция, қоздырғышы Trichomonas vaginalis қарапайым бір жасушалы паразит.
Берілу жолдары: жыныстық, қарым – қатынас жолдары сирек кездеседі, көбінесе қыздарда жеке гигиена және бала күтімі ережелері бұзылған кезде.
СОЗ
Соз инфекциясы-гонококктардан туындаған адамның жұқпалы ауруы (Neisseria gonorrhoeae) - бұршақ тәрізді, қозғалмайтын, спора түзбейтін іріңді бактериялар болып табылатын грам-теріс диплококктар.
Соз инфекциясы-жыныстық жолмен берілетін ең көп таралған инфекциялардың бірі (ЖЖБИ).
Соз, егер уақытында емделмесе, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін, әсіресе жүктілік кезінде. Жұғу созбен ауыратын науқаспен жыныстық қатынастың кез-келген түрінде болады, гонореямен жүкті әйел өз баласын жұқтыруы мүмкін, ерекше жағдайларда жас қыздар жеке гигиена және бала күтімі ережелерін бұзған кезде жұқтырылуы мүмкін.
Соз инфекциясы түрлі мүшелерді зақымдайды, сондықтан дер кезінде созды емдеу керек.
Герпес инфекциясы
Герпес әлемдегі ең көп таралған вирустық аурулардың бірі болып табылады. Инфекцияның негізгі көзі-жұқтырған адамдар. Бастапқы инфекция ерте балалық шақта пайда болуы мүмкін, ал аурудың көрінісі көбінесе 25-30 жаста болады.
Патогенге байланысты герпес симплексінің екі түрі бар-HSV-1 және HSV-2 ажыратады. Герпес вирусы төмен температураға сезімтал және төмен температурада өледі.
Инфекцияның берілу жолдары: ауа-тамшы, байланыс, жыныстық.
Герпес белгілері
Герпес кезінде теріге немесе сыртқы жыныс мүшелерінің шырышты қабаттарына сұйықтық толтырылған тән везикулалар пайда болады, айтарлықтай ауырсынуды тудырады
Бірнеше күннен кейін везикулалар жарылып, олардың орнында кішкентай жаралар немесе ауызы ашық жаралар пайда болады, дене қызуы жоғарылайды, әлсіздік, тамақ ауруы болады.
Мерез
Мерез-бұл "бозғылт трепонема" патогендік бактериясынан туындаған жұқпалы ауру, негізгі берілу жолы -жыныстық қатынас жолы, ауру кезінде тері, шырышты қабаттар, жүйке жүйесі, ішкі органдар мен тірек-қимыл жүйесі зақымдалады.
Мерез әдетте жыныстық қатынас кезінде сифилиттік жарамен тығыз байланыста болған кезде, адамнан адамға өтеді. Ол жүктілік кезінде балаға да берілуі мүмкін.
Егер мерез емделмесе, бұл сіздің балаңыздың денсаулығына елеулі проблемалар тудыруы мүмкін немесе түсік тастауға немесе өлі туылуға себеп болуы мүмкін.
Егер сізде мерез болса, сізге мамандарға жедел жолдама қажет. Мерез антибиотиктермен емделеді.Емдеу неғұрлым ерте басталса, балаға инфекцияның берілу қаупі соғұрлым төмен болады.
Сондай-ақ, дәрігер сіздің серіктесіңізді қайта жұқтырмас үшін емдеу қажет пе, жоқ па, соны тексеруді ұсынады.
Сіздің балаңызға босанғаннан кейін тексеру және антибиотиктерді қабылдау қажет болуы мүмкін.
Мерез қалай көрінеді?
Егер сізде немесе сіздің серіктесіңізде ауру бар деп күдіктенсеңіз, диагностика мен емдеуді уақтылы жүргізу үшін дәрігерге мүмкіндігінше ертерек хабарласыңыз. Бұл мерездің сіз үшін де, сіздің балаңыз үшін де жағымсыз салдарының алдын алуға көмектеседі.