Мерзімінен бұрын босану деген не?

2 желтоқсан 2021

«Шала туылған»-нәресте 37 аптаға дейін туылған нәресте.
Шала туылудың деңгейлерінің әртүрлі санаттары бар және олардың өз қауіптері бар:

  • Өте ерте мерзімінен бұрын босану(28 аптадан төмен)
  • Ерте мерзімінен бұрын босану (28-32 апта аралығында)
  • Мерзімінен бұрын босану (32-37 апта аралығында)

Неге мерзімінен бұрын босану күрделі мәселе?

Тоғыз ай бойы баланың ағзасы ананың құрсағында дамиды, туылғаннан кейін өмір сүру, дамуы  үшін. Нәресте тым ерте туылған кезде, дамуының кейбір кезеңдері аяқталмаған болады, яғни олар жатырдан тыс өмірге дайын емес.

Бақытымызға орай, жаңа туған нәрестелерді күту саласында айтарлықтай ілгерілеушілік байқалып, жаңа туған нәрестелер бөлімшелері, арнайы бөлмелер, педиатрлар  нәрестенің денесі толық дамығанға дейін қолдау көрсету үшін жабдықталған. 

Дегенменен, бала неғұрлым ерте туылса, соғұрлым денсаулығына байланысты мәселелер туындайды. Шала туудың әртүрлі деңгейлері бар және әдетте өте ерте босанумен қауіп артады-ең жоғарғы қауіпке 26 аптаға дейін туылған нәрестелер жатады.
 

Шала туылған нәрестенің барлық ерекшеліктерінен басқа, мерзімінен бұрын босану мыналарға қауіп төндіруі мүмкін:

  • Баланың туылғанда дене салмағының төмен болуы
  • Гастрошизис(бала асқазаны дұрыс дамымауы)

Мерзімінен бұрын босанудың белгілері қандай?

37 аптаға дейін келесі белгілер ерте босану болуы мүмкіндігін көрсетеді:

  • Қынапта немесе тік ішекте жамбас қысымының жоғарылауы.
  • Қынаптан бөліністердің көбеюі және/немесе сұйықтық ағуы/ бөлініс ағуы қайталануы, сізде су кетудің  (қағанақ суының кетуінің) белгісі болуы мүмкін.
  • Қан кету немесе шырышты тығынның шығуы.
  • Іш немесе бел аумағында етеккір кезіндегідей ауырсыну. Олар ретті немесе тұрақты болуы мүмкін.

Егер сізде осы белгілер болса, өз ауруханаңызға барыңыз.
 

Мерзімінен бұрын босанудың себебі қандай?

Кей жағдайларда мерзімінен бұрын босанудың себебі белгілі болады, бірақ көбінесе ол түсініксіз немесе белгісіз болады.
Инфекция немесе жатыр мойыны жеткіліксіздігі сияқты асқынулар қауіпті арттырады. Көп ұрықты жүктілігі бар(егіз, үшем немесе одан да көп) әйелдердің де мерзімінен бұрын босану мүмкіндігі жоғары. Егіздердің жүктіліктің орташа уақыты -37, үшем-33 апта.

Мерзімінен бұрын босанулардың 25 %нда- босану жоспарланады, анасының өмірге қауіпті асқынуларына байланысты, 
преэклампсия, бүйрек ауруы сияқты немесе бала дамуының іштей кідірісінен.

Мерзімінен бұрын босануды қалай емдеуге болады?

Жүктілік мерзімінен бұрын босану қаупінің жоғары болуымен байланысты екені анықталса, ана жүктілікті мүмкіндігінше ұзарту үшін емделеді. Мұны көптеген жолдармен жасауға болады.


 Мерзіміне бұрын босану қаншалықты таралған?

Қазақстанда мерзімінен бұрын босанудың көрсеткіштері-6,4% жуық, Алматыда 8,3%