Көп ұрықты жүктілік

21 желтоқсан 2021

Медицинада егіз, үшем деген ұғым пайдаланбайды.Нақтылау үшін Дизиготтық немесе монозиготты көп ұріқты жүктілік деген түсінік бар.

Дизиготты көпұрықты жүктілік-екі аналық жұмыртқаның ұрықтану нәтижесі(егіздер немесі екі жұмыртқалық егіздер)немесе үш жұмыртқалық (үшем) одан да көп бір менструалды цикылда піскен болуы мүмкін.Әр эмбрионның бөлек бала жолдасы, бөлек шаранасы дамиды.Дүниеге бір жынысты немесе бөлек жынысты балалар келеді.

Монозиготты көпұрықты жүктілік- бір аналық жұмыртқаның ұрықтанып әрі қарай екіге бөліну нәтижесінде болады(біржұмыртқалық егіздер)

Егер бөліну ұрықтанғаннан кейін:

  • 0-3 күн ішінде болса-дихориальды, диамниотикалық егіздер пайда болады.(бөлек хорион, бөлек шарана, бөлек бала жолдасы);
  • 4-8 күніне бөлінсе монохориальды диамниотикалық (бір бала жолдасы бар бірақ шараналары бөлек немесе шарана ішінде бөлінісі бар);
  • 9-12 күні бөлінсе-монохориалды моноамниотикалық егіздер (екі ұрық бір шаранада, бір бала жолдасы бар )
  • 12-ші күннен кейін бөлінбеген егіздер(сиамские близнецы) дамиды.

Монозиготты егіздер әдетте, генетикалық тұрғыда бірдей болады, бір жынысты болады, сырт келбеті бір бірінен ауымайды, бұндай балдарды «екі тамшы судай ұқсас деп айтады».

Көпұрықты жүктілік- ата-ана үшін, туыстар үшін үлкен қуаныш, бұндай жүктіліктің ағымда біраз қыйындықтар бар. Сол себепті ұрықтану алдындағы дайындықты мұқият өтіп, уақтылы әйелдер кеңесіне есепке тұру керек.

Біржұмыртғалық егіздер

Бір жұмыртқадан екі ұрық дамыған  кезде бірдей егіздер пайда болады, бұл «бірдей» нәрестелердің дүниеге келуіне әкеледі. Кейде екі ұрық бір шаранада дамиды, бұл кіндік баудың шиленуіне немесе оралу қауіпін жоғарылатады.
Монозиготты ұрықтарда туындайтын қыйындықтың бірі, бір ұрық бір ұрыққа қарағанда көп көректенеді, мұндай жағдайда екінші ұрық зардап шегеді. Сондықтан дәрігер әр ұрықтың мөлшерін мұқият бақылайды.

Екі жұмыртқалық егіздер

Егер екі немесе одан көп аналық жұмыртқа ұрықтанса, әрқайсысынан бөлек ұрық дамиды. Көпұрықтық жүктілікте біржұмыртқалық және екіжұмыртқалық егіздер немесе үшемдер болуы мүмкін.Біржұмыртқалық болсын, бөлекжұмыртқалық егіздер болсын-бұндай жүктілік үшін басты қауіп-түсік немесе ерте босану болуы мүмкін.

Ең бастысы- өзіңіздің денсаулығыңызды, бөбектеріңіздің денсаулығын күтіңіз, дәрігердің бар нұсқауын орындап, дұрыс тамақтануды ұстаныңыз, фзикалық белсенділікті ұмытпаңыз. Еңбекпен демалыс режімін ұстаныңыз, уақтылы босаңсып демалыңыз, ұйқыңызды қандырыңыз, күш жинаңыз, бөбегіңізбен кездесуге дайындалыңыз.

Оңтайлы көзқарас, дәрігеріңіздің ,туыс-жақындарыңыздың қолдауы сіздің жүктілік саяхатыңызды аман-есен бітіріп, бір-неше нәрестенің бірден мықты анасы болуына көмектеседі.