Майлардың белгілі бір түрлерін таңдау өте маңызды! Ω-3 май қышқылдары эйкозапентаен қышқылы (ЭПК)және әсіресе докозагексаен қышқылы (ДГК)-ұрықтың миы мен көз торының дамуы үшін өте маңызды.
ДГК ұсынылатын мөлшері тәулігіне 200-300 мг құрайды. Бұл мөлшерге аптасына екі рет балықты(жалпы 150-300 г пісірілген балық үшін), майлы балықпен(мысалы, майшабақ, бахтах,ақсерке,сардиналар) аптасына бір рет жеу арқылы қол жеткізуге болады.
Маңызды! Балықты таңдауға және оны дайындау тәсіліне назар аударыңыз. Балықты бұқтыру, пеште немесе буда пісіру ұсынылады; тұздалған, маринадталған немесе ысталған және кептірілген балықты таңдау ұсынылмайды. Балықты өте көп мөлшерде жесе, сынаптың көп мөлшері ағзаға түсіп, баланың жүйке жүйесіне зақым келтіруі мүмкін.
Балықтағы сынап мөлшері балық түріне байланысты болады ( ірі мұхит балығында сынап көп мөлшерде болады) және географиялық аумаққа байланысты. Егер сіз балық жей алмасаңыз немесе сізде балыққа аллергия болса, ол жағдайда сізге өсімдік ω–3 май қышқылын-а-линолен қышқылын тұтынған абзал, мысалыға ол ұнтақталған зығыр және кендір тұқымында бар.
Айтып өтетін жай, АЛҚ адам ағзасында тек ішінара ЭПҚ және ДГҚ айналады, сондықтан жүкті әйелдерге қосымша ЭПҚ мен ДГҚ препараттарын қабылдау қажет.
Балық майының препараттарын қолдану ұсынылмайды, өйткені олардың көпшілігінде А дәрумені тым жоғары мөлшерде бар.
Сондай-ақ құрамында ω–3 майлы қышқылы бар функционалды тағамдарға назар аударыңыз, мысалыға жұмыртқа және сүт. Май, кілегей, семіз ет және пальма майымен ағзаға енетін рациондағы қаныққан майдың мөлшерін шектеу керек.
Көбінесе сүт және кондитерлік өнімдерде кездесетін ішінара гидрленген өсімдік майларында кездесетін трансмай қышқылдарынан немесе трансмайларынан аулақ болыңыз.
Маңызды! Азы-түлік сатып алғанда оның құрамына назар аударыңыз, қаптамадағы құрамын қараңыз және жарамдылық мерзімін. Химиялық заттар, консерванттар неғұрлым аз болса соғұрлым тағам табиғи, пайдалы және қауіпсіз болады!