Йод туралы қосымша ақпарат

20 желтоқсан 2021

Жүктілікке дейін, ағзаны қажетті йод мөлшерімен қамтамасыз ету керек, сондықтан ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер күнделікті қажетті мөлшерде йод қабылдау керек.

Әйелдерге йодты жүктілікке дейін де жүктілік кезінде де қабылдау керек және де емшекпен емізген кезде-күніне 150 ден 250 мкг йод қабылдау керек.

Сондықтан, әдетте– кешенді дәрумендер құрамына кіретін белсенді калий йодид түрін қабылдаған жөн.Жүкті және емшек емізетін  әйлдерге арналған ең максималды мөлшері-600 мкг\т, қауіпті мөлшері-1100 мкг/т құрайды. Қалқанша без патологиясы бар әйелдерге йод мөлшерін эндокринолог кеңесінен кейін тағайындалады.

Йодты тағамнан алу әртүрлі жайттарға байланысты: -тағамдағы және топырақтағы йодтың концентрациясына; тамақ өнеркәсібінде йодты залалсыздандыру құралдарын қолдану; ауыл шаруашылығында йод бар тынайтқыштарды қолданудан.

Тағамдық йод басты  көзідері- балық, теңіз тағамдары, сонымен қатар сүт тағамдары болып табылады. Йодталған тұз пайдаланудың үлкен маңызы бар, Латвияда тек санаулы тағам түріне ғана қосылады. Сондықтан үйде тамақ әзірлегенде йодталған тұз қосқан дұрыс. 

Әдеттегі тағаммен қабылдаған йод жеткіліксіз. Ас мәзірінде йодталған тұз пайдалану сондай-ақ теңіз өнімдерін пайдалану (аптасына екі рет) және сүт өнімдері тәулігіне 100 микрограммға дейін өамтамасыз ете алады, сондықтан қосымша 100-150 микрограмм/тәулігіне дәрі түрінде қабылдау керек. Сатылымда йодтың фолий қышқылымен біріктірілген түрлері бар, жүктілікті жоспарлаған кезде пайдаланған дұрыс.

Егер де жүкті әйел құрамында йоды бар кешенді дәрумендер қабылдайтын  болса, ол жағдайда қосымша йод қажеті жоқ.
Жүкті әйлдерге балдыр, теңіз шөбі бар препараттарды қабылдаудың қажеті жоқ, себебі йодтың мөлшерін асырып жіберу қауіпі бар және де бұл жағдайда қалқанша без жұмысына кедергі келуі мүмкін.

Маңызды! Тек ана сүтімен қоректенетін балалар, керекті йод мөлшерін, анасы қажетті мөлшерде йод қабылдаған жағдайда ғана ала алады.