Өз балаңызды өзіңіз емізіңіз! Ана сүті- нәресте үшін керемет тағам!
Нәрестелерді туғаннан кейін алты айға дейін тамақтандырудың тамаша тәжірибиесі сұраныс бойынша тек емшек сүтімен емізу болып табылады. Бұл жастағы бала басқа ешқандай тамақты , сұйықтықты және де қайнаған суды керек етпейді.
Емшек сүті- ас қорыту қабілетіне сәйкес келетін, нәрестеге қажетті барлық қоректік заттарды, дәрумендерді және сұйықтықтарды қамтитын нәресте үшін тамаша тағам. Емшек сүтіндегі су мөлшері тұрақты және нәрестеніңсұйықтық қажеттілігін қанағаттандырады. Бұл тек емшек сүтімен емізу туралы ұсынысты анықтайды. «балаға өмірінің алғашқы 6 айында басқа қосымша сұйықтық пен тамақ бермеңіз»
Одан бөлек ана сүтінде антиденелер болады, олар нәрестені инфекциялардан қорғайды.
Емшек сүтінің құрамында нәрестенің өзіндік иммундық жүйесінің жетілуіне ықпал ететін бірегей компоненттер, сондай-ақ тіндердің қалпына келуіне, нәресте денесінің дамуын және әртүрлі аурулардан қорғауға арналған дің жасушалары бар.
Емшек сүтімен қоректелген балалар аллергияға аз шалдығады және олар денсаулығы мықтырақ болып ұзақ өмір сүреді.
Бала үшін жеткіліксіз емшек сүті жоқ, өйткені ананың тамақтану сапасы оның негізгі құрамына айтарлықтай әсер етпейді.
Емшек сүті әрқашан баланың өзгеретін қажеттіліктерін қанағаттандырады. Дегенмен, емізетін ананың тамақтануы міндетті түрде толық болуы керек, әйтпесе әйелдің ағзасы зардап шегеді.
Емшекпен емізу ананың өз денсаулығына да пайдалы-егер ол босанғаннан кейін бірден басталса, ол бала жолдасының туылуына, жатырдың жиырлуына көмектеседі. Алты ай бойы тек қана емшек сүтімен емізу қалаусыз жүктіліктің алды алады. Емшекпен емізу әйелдің сүт без қатерлі ісігінің қауіпін төмендетеді.
Әрбір әйел (егіздердің анасы болса да) ол баласына қажетті, жеткілікті мөлшерде сүт бере алатынына кәміл сену керек. Нәрестенің қажеттіліктері артқан сайын жиі және ұзағырақ емшек емізу қажеттілігі артады. Жиі тамақтандыру ананың сүтін өндіруді ынталандырады, оның мөлшері бірнеше күн және тіпті сағаттарда жиі тамақтандыру кезінде артуы мүмкін.
Осылайша, сүтті сорудың жиілігі мен толықтығы ананың сүт өндіру мөлшерін реттеудің маңызды шарттары болып табылады. Бала қанша сүт сорса, сонша сүт қайтадан шығады. Тек сұраныс ұсынысты анықтайды.
Түнгі тамақтандыру сүтті жақсартуға ықпал етеді. Түнде тамақтандырғанда, келесі күні сүт өндіруге тапсырыс бересіз. Сондытан баланы күндіз де түнде де қалаған уақтында және қалағанынша емізу керек (күніне кемінде 8-10 рет). Баланы артық тамақтандырудан қорқудың қажеті жоқ, ол өзіне қажетті сүт мөлшерін дербес реттей алады.
Сондай –ақ емшек сүтімен қоректенетін нәрестеде артық салмақ жоқ.
Емшек сүтінің жеткіліктігі баланың дене салмағының ай сайын тұрақты түрде өлшену арқылы анықталады. Емшекпен емізу кезінде айына кемінде 500 грамм немесе аптасына 125 граммға ұлғаюы тұтынылатын емшек сүтінің жеткіліктігінің көрсеткіші болып табылады және ешқандай түзетуді қажет етпейді.
Емшекпен емізу анаға ауырсыну туғызбауын мұқият қадағалау керек.
Егер емізу кезінде ауырсыну белгісі болса, онда нәресте кеудені дұрыс алмаған болуы мүмкін. Дереу медицина қызметкеріне жүгініңіз, ол ар сізге көмектеседі.
Нәрестені емшекке дұрыс салмау, емшек үрпісін жарып жібереді, сол жарық арқылы инфекция енуі мүмкін. Одан басқа анасы өзін аяп, нәрестеге сүтті толық сорғызбайды және де емшек толық босамайды. Оның барлығы сүт қатып қалуына әкеліп соқтырады да сүт безінің қабынуына және сүт өндірісінің төмендеуіне әкеледі.
Баланың кеуде тұсында дұрыс орналасуы:
Баланы кеудеге дұрыс бекіту:
|
|
Баланың кеудеде орналасуы өте маңызды,әсіресе ерте кезеңде, себебі бұл жиі дұрыс емес бекітуге әкеледі. Керісінше, егер нәресте дұрыс қалыпта болса, онда, әдетте, кеудеге бекітуде ешқандай қыйындықтар туындамайды. Сондықтан жаңа туған нәрестенің анасы білу керек бірінші нәрсе-кеудеге дұрыс орналасу және бекіту ережелері.
Тамақтандыруға ұсынылатын позалар:
![]() |
![]() |
![]() |
Лактостаз(сүт қату) және мастит
Сүт безіндегі қабыну- сүт қатудан (лактостаз), үрпі жарылудан-баланы емшекке дұрыс салмаудан басталады. Әрі қарай инфекцияға ұласып сүт безінің инфекциялық қабынуына-маститке әкеледі.
Сүт жиналып қату жайсыздық белгісімен, сүт безінің тығыздалуымен, ауырсынуымен білінеді. Бұл жағдайда нәрестені кеудеге жиі салу қажет. Ауырсыну және кернеу сезімі пайда болған кезде, сүт безіндегі түйіндерді «ысқыламай» 10-15 минут бойы сауу керек.
Маститтың белгілеріне-сүт безінің ауырсыну, тығыздалуы, қызаруы жатады, дене қызуы жоғарылап бас ауруы, әлсіздік пайда болады. Маститпен сүт қатуын айыру үшін және толыққанды ем алу үшін міндетті түрде дәрігер кеңесіне жүгіну керек.