Кенеттен нәресте өлу синдромы

28 желтоқсан 2021

Ұйқы ұйымдастыруымен байланысты факторлар.

Кенеттен нәресте өлімі синдромының қауіпін арттыратын ұйқы жағдайлары;

  • Етпетінен немесе бүйіріне жатып ұйықтау. Етпетінен немесе бүйіріне жатып ұйықтайтын нәрестелердің тыныс алуы , шалқасынан жатып ұйықтайтын балдарға қарағанда қыйындауы мүмкін.
  • Жұмсақ жерде ұйықтау. Құс төсек, жұмсақ матрас немесе су керуетте жату тыныс жолдарын қысуы мүмкін
  • Басқа адамдармен бірге ұйқы. Ата-анамен бірге, ағаларымен, әпкелерімен, үй жануарларымен  бірге ұйқы кенеттен нәресте өлімі синдромының қауіпін арттырады,
  • Тұншығып қалу қауіпінің потенциалды жоғары болуынан.
  • Қызып кету, егер нәресте ұйқтау кезінде қатты ыстық болса, кенеттен нәресте өлу қауіпі жоғарылайды.

Анасына байланысты қауіп факторлары

Нәресте туылғанға дейін анасы еріксіз кенеттен нәресте өлімін жоғарылатады. Анасына байланысты кенеттен нәресте өлімі синдромы арта түседе егер де анасы:

  • 20 жастан жас болса
  • Шылым шексе
  • Ішімдік немесе есірткі қолданса
  • Жүктілік барысында денсаудығына дұрыс қарамаса. Сондықтан дәрігерге баруды ертерек жоспарлап, босанғанша ретті барып тұру керек. 

Физикалық факторлар.

Кенеттен нәресте өлімін көбейтетін  кейбір физикалық факторлар:

  • Орталық жүйке жүйесімен бас миіның дұрыс жұмыс жасамауы.
  • Кей нәрестелерде бас мидың тыныс алуды және оянғаннан кейін есін жиюді бақылайтын орталықтары дұрыс дамымаған, сондықтан олар кенеттен нәресте өлімі синдромына бейім.
  • Туылғанда аз салмақ.
  • Шала туылған нәрестелер  және егіздер кейде тыныс алу орталығының және жүрек жұмысын толық бақылап үйренбеген, сол себепті олар кенеттен нәресте өліміне бейім болады.
  • Тыныс жолдарының инфекциясы.
  • Егер де нәресте жақын арада салқын тиіп ауырған болса, ол жайтта тыныс алумен күрделіліктерге әкеледі де кенеттен нәресте өлімін жоғарылатады.

Жалпы қауіп  факторлары

Кенеттен нәресте өлімі синдромы (КНӨС) толық неден болатыны анықталмағанмен, келесі факторлар жалпы қауіпті жоғарылатады:

  • Жынысы. Ер балдар жиерек КНӨС шалдығады
  • Жасы. Нәрестелер екі төрт ай аралығында бейімдірек, бірақ жалпы бір жасқа дейін балалар қауіп тобында.

Тұқым қуалау факторлары

Егер  немере ағаларымен апалары кенеттен нәресте өлімінен шетінесе, қауіп жоғарылайды.

Шылым шегу

Отбасының мүшелері  шылым шегетін нәрестелерде қауіп жоғары болады.

Мерзімінен бұрын босану және туылғандағы аз салмақ

Егер нәресте шала туылған болса немесе оның салмағы туған кезде аз болса оның қауіпі жоғарылайды.