Фолаттар

23 қаңтар 2022

Как достичь потребления достаточного количества фолатов и зачем

В9 дәрумені(фолий қышқылы, фолат) әйел ағзасы үшін үлкен маңызы бар екені белгілі. Бұл шынымен де рас. Сондықтан дүние жүзіндегі көптеген  денсаулық сақтау ұйымдары қыздарға тәулігіне 400 микрограмм (мкг) фолий қышқылын тұтынуды ұсынады. [1].

«Фолат» және «фолий қышқылы» терминдері бір бірін ауыстырады. Бір ғана ерекшелігі фолат табиғатта кездеседі, ал фолий қышқылы синтетикалық жолмен жасалған В9 дәрумені.

Негізінде бұл қийын мәселе емес сияқты, себебі В9 дәруменіне бай тғамдар тізімі өте кең.
Мысалы шпинат, бауыр,ақжелкен,гүлді қырыққабат,брокколи және картоп, сондай ақ цитрус жемістері, папапйя, манго және таңқурай.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы пайдалы ғана емес өте дәмді мәзірді жасауды жеңілдетеді.Дәрігерлердің ұсынысын орындау сирек кездесетін жағдай бір ғанибет!

Дегенмен бір кілтипан бар, фолаттың тәулігіне қажетті мөлшерін қабылдау үшін, адам күніне 10 стакан апельсин шырынын ішу керек немесе 15 кесе таңқурай жеуі керек[2].Бұл оңай емес!
Сондықтан сарапшылар фолий қышқылын қосымша көздерден алуға кеңес береді.

Әйел ағзасындағы фоллат деңгейі  оптималды деңгейде ұстау неге сонша маңызды?

Ең алдымен фолаттар денсаулық үшін қажет, өйткені олар эритроциттердің құрамына кіретін гемнің синтізіне қатысады[3].В9 дәруменінің көмегімен бұлшықеттерді оның ішінде жүрек бұлшықетін  қуатпен қамтамасыз етеді.  Сонымен қатар фолий тері құрылымын жақсартатын коллагеннің түзілуіне ықпал етеді, сонымен қатар тырнақтардағы, терідегі және шаштағы негізгі ақуыз болвп табылатын α-кератиннің бөлігі болып табылады.[4].

Фолий қышқылы жүктілікті жоспарлап отырған әйелдердің өмірінде ерекше маңызды рөл атқарады: фолий қышқылының адекватты деңгейі балада жүйке түтігі ақауларының және басқа ақаулардың даму қауіпін төмендететіні ғылыми дәлелденген[5]. Болашақ аналар бұл туралы ұрықтануға дейін көп уақыт бұрын ойлану керек, өйткені ағзада фолий қышқылының дұрыс мөлшерін жинақтау үшін уақыт қажет. В9 дәруменін ұрыөтанудан кемінде 3 ай бұрын бастаған жөн және жүктіліктің алғашқы үш айында күн сайын жалғастыру ұсынылды [5].

Фолаттарды (фолий қышқылын, Метфолин) дәріханалардан сан алуан түрін алуға болады.
Қазіргі таңда фолий қышқылының белсенді түрі Метафолин [6] қосылған қосарланған оральды контрацептивтер де бар. Өзіңіздің гинекологыңызбен ақылдасыңыз сізге лайықтысын таңдаңыз.

Источники

  • Нормы физиологических потребностей в энергии и пищевых веществах для различных групп населения РФ. Методические рекомендации. МР 2.3.1.2432-08. Минздрав РФ, 2008.
  • McNulty H, Penteiva K. Folate bioavailability.ProcNutrSoc 2004; 63: 529–36.3.
  • Antony AC. Megaloblastic anemias. In: Goldman L, Schafer AI, eds. Goldman’s Cecil Medicine. 24th ed. Philadelphia, PA: Saunders Elsevier; 2011: chap 167.
  • Fischer F., et al. Folic acid and creatine improve the firmness of human skin in vivo // J CosmetDermatol. 2011 Mar;10(1):15-23.
  • Folic acid for the prevention of neural tube defects: U.S. Preventive Services Task Force recommendation statement. // Ann Intern Med 2009; 150(9): 626–31.
  • Метафолин в составе КОК — инвестиция в репродуктивное благополучие. Мировые новости: современная контрацепция как новые возможности предгравидарной подготовки / Т.В. Галина, Х.Ю. Симоновская; под ред. В.Е. Радзинского. — М.: Редакция журнала StatusPraesens, 2013. — 24 c.

Бұл сайтта берілген ақпарат әйелдер денсаулығына қатысты мәселелер туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Алайда денсаулық сақтау маманының кеңесін алмастырмайды. Сұрақтарыңыз болса, өзіңіздің дәрігеріңізге жүгініңіз.

© 2022 ТОО «Байер КАЗ».
Барлық құқықтар қорғалған
PP-YARP-KZ-0004-1