Болашақ анаға не туралы ойлану керек

23 қаңтар 2022

Жүктілікке қалай дайындалу керек?

Жүктілік кезеңі-бұл әйелдің ағзасы белгілі бір күйзелісті бастан кешіретін ерекше уақыт.
Сіздің ағзаңызға осындай қиын мәселеде көмектесу үшін, сондайақ болашақ нәрестенің денсаулығына қамқорлық жасау үшін жүктілікке дайындалу керек.

Сондықтан, ең алдымен сіз нәрестелі болуды жоспарласаңыз, зиянды әдеттерден алдынала (кем дегенде бір-екі ай бұрын) бас тарту керек.
Ішімдік, шылым және артық мөлшерде кофеин ешкімге, әсіресе болашақ аналарға пайда әкелген емес.Егер Сіз бұрын салауатты өмір салтын ұстанған болсаңыз, онда ағзаны процессі қиындық тудырмайды.

Екіншіден жүктілікке дейін өзіңіздің физикалық қалпыңыз туралы ойланыңыз. Орташа физикалық белсенділік- төзімділікті арттырады, денені нығайтады және сыртқы келбетті жақсартады. Сондай-ақ теңдестірілген тамақтану туралы ұмытпаңыз.

Үшіншіден, денсаулығыңыздың бар сыр беріп жүрген тұстарын қалыпқа келтіріңіз. Бала көтеріп жүру-бұл сіздің ағзаңыздың беріктігіне сың. Егер сіздің қандай ағзаңыздың жүйесінде ақаулар, бұрынан кележатқан аурулар болса, уақтылы тексеруден өтіп ем алғаныңыз дұрыс.
Кейде көзге көрінбейтін, жасырын түрде ағып жатқан аурулар, керек емес кезде оянып сыр беруі мүмкін. Әсіресі бұл тіске қатысты. Дамып жатқан ұрықтын тісіне  кальций қажет, ол бұл элементті сіздің ағзаңыздан алады.

Төртіншіден, дәрумендер. Болашақ сәбиіңіз үшін ең маңызды болып В 9 (фолаттар) дәрумені табылады. Осы дәрумен қажеттілігінше қалыпты мөлшерде болса- баланың жүйке жүйесінде ақауларды болдырмайды.
Ондай ақаулар ұрықтанғанан кейін алғашқы 28 күн ішінде пайда болады, және де кейін ұрықтың омыртқа жотасының, миінің дамуында ақауға соқтыруы мүмкін. Осындай ақаулардың алды алу мақсатында ДДСҰ мамандары фоллаттарды жүктілік жоспарламастан бір ай бұрын қабылдауға кеңес береді.[4].

Айтпақшы, егер сіз жақын арада жүктілікті жоспарлмасаңыз, бірақ болашақта бұл туралы ойлансаңыз,ағзаңызды алдын- ала  дайындау мүмкіндіктері туралы білу сізді қызықтыруы 
мүмкін. Бүгінгі жас қыздар жоспарланбаған жүктіліктен сақтана отырып, болашақ жүктілігін қорғауға мүмкіндігі бар.
Гинекологыңыздан әйел денсаулығы үшін аса маңызды фоли қышқылы қосылған заманауи контрацептивтер туралы сұраңыз.

Дереккөздер

  • Shaw GM, Scha.er D, Velie EM, et al. Periconceptional vitamin use, dietary folate, and the occurrence of neural tube defects. Epidemiology 1995; 6(3): 219–26.
  • Folic acid for the prevention of neural tube defects: U.S. Preventive Services Task Force recommendation statement. // Ann Intern Med 2009; 150(9): 626–31.
  • Barua S, et al. Folic acid supplementation in pregnancy and implications in health and disease. J BiomedSci. 2014 Aug 19;21:77
  • WHO. Standards for Maternal and Neonatal Care developed by the Department of Making Pregnancy Safer, 2007,1.5, 1-4.

Бұл сайтта берілген ақпарат әйелдер денсаулығына қатысты міселелер туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Алайда денсаулық сақтау маманының кеңесін алмастырмайды. Сұрақтарыңыз болса, өзіңіздің дәрігеріңізге жүгініңіз.


© 2022 ТОО «Байер КАЗ».
Барлық құқықтар сақталған
PP-YARP-KZ-0006-1