Іш қату

20 желтоқсан 2021

«Іш қату» термині нәжістің  шығуының  қиындауы және  жиілігінің төмендеуі (дефекация  ішектің босау үшін қозғалуы).


Іш қату ыңғайсыздықпен, шамадан тыс кернеумен, қатты немесе кесек нәжіспен, толық емес босату сезімімен және сирек дефекациямен сипатталады. Іш қату жүктілік кезінде жиі 
кездесетін симптом.

Бұл жүктілік кезінде ас қорыту жүйесіне әсер ететін бірнеше факторалардан болады, ол горманалды өзгерістер (ауысымдары), физикалық белсенділіктің төмендеуі, әдеттегі тамақтанудың өзгеруі. Сондай-ақ, ұрық (бала) өсіп келе жатқанда, анасының ішектерін қысып, оның босауына кедергі келтіреді.
 

Бұл неге маңызды?

Жүктілік кезіндегі іш қату өмір сүру сапасын төмендетеді, жүкті әйелдер азап шегеді, сондай-ақ физикалық тұрғыдан мәселе туындатады, соның ішінде геморройдың дамуы.Емдеудің бірқатар нұсқалары ұсынылады, соның ішінде дәрі-дірмек, тағамдық қоспалар немесе  диетаны өзгерту.

Әдетті әуелі дәрілік  емес араласулар ұсынылады(диетаны өзгерту, су мөлшерін көбейту және жаттығулар), және де осы тәсілдер нәтижесіз болған жағдайда дәрілік (фармакологиялық) араласулар ұсынылады. Егер сізді іш қату мазаласа, өз дәрігеріңізден кеңес алыңыз,сізге қажетті ем тағайындайды.

Бұл іш қату екенін қалай білеміз?

Іш қату тән, егер:

  • Соңғы аптада кем дегенде 3 рет үлкен дәрет (нәжіс, фекалий) болған жоқ
  • Нәжіс үлкен көлемді, қатты, құрғақ немесе бұдырлы сізге «үлкен дәретке» отыру қиын.
  • Дәретханаға «үлкен дәретке» шыққанда ауырсыну болады
  • Сізде жүрек айну, іш кебу немесе іш ауруы болады.