Болашақ ана өз денсаулығына ғана емес, баланың әл-ауқатынада қамқорлық жасауы керек.
Ас мәзірінде барлық қажетті минералдар мен дәрумендер бар теңдестірілген диетаны ұстану керек.Осы тізімде соңғы емес орынды жеміс-жидекпен көкөністер алады.Бірақ ойсыз жеміс-жидек пен көкөністі жей беру пайдалы емес, сондықтан жүктілерге арналған дұрыс порцияларды блілу керек.
80 грамм, балғын, консервіленген немесе мұздатылған жемістер мен көкөністер 1 порция болып есептеледі, күніне 5 рет.
Кносервіленген жеміс пен көкөністің табиғы шырында немесе суда қант пен тұз қосылмаған түрін таңдаңыз.
30 гр кептірілген жеміс (шамамен 80гр балғын жеміске теңеседі), күніне 5 рет жейтін 1 порцияңыз болып есептеледі. Кептірілген жемісті өз бетінше емес, тамақпен бірге жеген дұрыс- тіс жегісінің қауіпін төмендету үшін.
Кейбір порциялар күніне бір рет қана қарастырылады:
150 мл-жеміс шырыны, көкөніс шырыны немесе смузи.
Күніне 150 мл ішумен шектеңіз. Жемістер мен көкөністер майдаланған кезде ішінен қант шығады, ол тісіңізге зиян келтіруі мүмкін. Шырын мен смузиді тамақ арасында тіске басар ретінде емес, тамақтану кезінде ішкен жөн тіс жегінің қауіпін төмендету үшін.
Ат бас бұршақ және бұршақ дақылдары-80 гр.
Бұлар қанша жесеңізде, күнделікті 5 порцияңыздың біреуін құрайды. Себебі бұлар талшыққа бай болғанымен, басқа жемістер мен көкөністерге қарағанда құнары аздығында.
Бұршақ тұқымдас дақылдар.
Бұршақ тұқымдас дақылдарға- ат бас бұршақ,жасымық және бұршақ жатады. Олар ақуыздың, дәрумен мен минералдың, талшықтың құрамында майдың көлемі төмен арзан және пайдалы көзі және күнделікті ұсынылатын жемістер мен көкөністің 5 порциясында есептеледі.
Бұршақ тұқымдас дақылдар- етке тамаша балама болып есептеледі. Әртүрлі бұршақ тұқымдас дақылдардағы ақуыздар: ат басты бұршақ, бұршақ, ноқат,жасымық ж.т.б 40% құрайды. Соя бұршақтарынан «вегетариандық ет» өндіріледі.
Бұршақ тұқымдас дақылдарға жатады:
Бұршақ дақылдары ақуыздың тамаша көзі болып табылады. Бұл ет, балық немесе сүт өнімдерінен ақуыз алмайтын адамдар үшін әсіресе маңызды болуы мүмкін дегенді білдіреді.
Бірақ бұршақ тұқымдастар ет жейтін адамдарға да пайдалы бола алады. Сіз бұршақ тұқымдастарды сорпаға, запеканкаға, ет тағамдарына қосымша иіс пен құрылым үшін қосуыңызға болады.
Бұршақ тұқымдастар құрамында темір бар, бұл жүктілік кезіндегі темір тапшылығынан болатын қаназдық үшін пайдалы.
БІЛУ МАҢЫЗДЫ!
Бұршақ тұқымдастарды шикі түрінде жеуге болмайды себебі улану болуы мүмкін.
Бұршақты суда жібіту немесе термикалық өңдеу улы заттарды шығарады. Егер ас қорыту жүйесінде ауытқулар болса, Бұршақ тұқымдастарды жеген кезде іш кебуі немесе ыңғайсыздық болуы мүмкін.
Күніне кем дегенде 5 порция әртүрлі жемістер мен көкөністерді жеу ұсынылады, ал дәнді дақылдар күніне 5 порция ретінде есептеледі.
Бір порция 80 гр құрайды- ол шамамен дайындалған дәнді дақылдардың үйіп салынған 3 ас қасығына тең.
Алайда сіз 3 ас қасықтан көп жейтін болсаңыз, сонда да күніне жейтін 5 порцияның 1не есептеледі.
Бұл бұршақ тәріздестердің талшықтары көп болғанымен, жемістер мен көкөністер сияқты құрамында минералдар мен дәрумендері жоқтығынан.
Бұл жерге үрме бұршақ кірмейді, себебі көкөністерге жатады.