Жүктілік кезіндегі тамақтану

20 желтоқсан 2021

Болашақ ананың  жүктілікке дейін және жүктілік кезінде тамақтануы, болашақ баланың жатырдағы және кейінгі өміріндегі денсаулығы үшін өте маңызды.

Ұрықтың дамуы жүктілік кезінде қоректік заттарға, соның ішінде ана қанында айналатын барлық қоректік заттарға байланысты. Ананың салмағы мен тамақтануы ересек жастағы баланың денсаулығына тікелей әсер етеді және семіздік пен эндокриндік бұзылулардың жаһандық проблемасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін

Туылған кезде төмен салмақ пен кейінгі өмірде инсулин алмасуының бұзылуы, ІІ типті қант диабеті, липидтер алмасуының бұзылуы, артериалды гипертензия, жүрек-қан тамырлары аурулары және бүйрек аурулары сияқты ауруларға бейімділік арасында тікелей байланыс бар. Және бұл дегеніміз, артық немесе жеткіліксіз  тамақтануға болмайды!

Жүктілік кезінде дұрыс тамақтануды ұстану ұсынылады, ол жиі жай ғана «ПП» деп аталады. Салауатты тамақтану адам өмірінің барлық кезендеріндегі өмір салтының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау жүктілікті жоспарлау кезінде және жүктілік кезінде ерекше маңызды болып табылады.

Сізден арнайы диета ұстану талап етілмейді, сізге және балаңызға қажетті барлық маңызды қоректік заттар, дәрумендер мен минералдары бар әртүрлі тағамдарды жеу маңызды.

Әрине, сіз дәруменді-минералды кешендерді қабылдай аласыз, бірақ ең жақсы нұсқа –қажет нәрсенің барлығын тағамнан алу. Бірақ жүктілік кезінде күніне 400 мкг фолий қышқылы туралы ұсынысты ұмытпаңыз.