Преэклампсия (ПЭ)- бұл жүктіліктің ауыр асқынуы, жүктіліктің екінші жартысында дамиды, қан қысымының жоғарылауы (140/ және /немесе 90 с.б.б), зәрде ақуыз болуы және жиі ісінулермен сипатталады.
Преэклампсия жүктіліктің 2-8%-нда кездеседі.
Преэклапсияның ана мен бала үшін ұзақ мерзімді салдары бар. Бұл асқынудың қорқыныштысы, босанғаннан кейін толықтай емделмейді. Преэклампсия болған әйелдерде қан қысымының жоғарылауы, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы, инсульт кейде онкологиялық аурулар даму қауіпі жоғары.
Ауыр преэклампсия кезінде ұрықтың дамуы кешіктіріледі және жүктілік ерте босануды қажет етуі мүмкін. Преэклампсиясы бар аналардан туған балалар жоғары қан қысым, инсульт, қант диабеті, зат алмасу бұзылыстары, неврологиялық және психикалық бұзылуларға бейім. Егер сізде алдыңғы жүктілік кезінде преэклампсия болса, бұл туралы дәрігерге хабарлауды ұмытпаңыз, сізге қосымша сынақтар немесе алдын алу мақсатында ем қажет болуы мүмкін.
Преэклампсия әрқашан белгілердің толық триадасымен(қан кысымының жоғарылауы,ісіну,несепте ақуыз болуы) бірге жүрмеуі мүмкін;соңғы уақытта преэклампсия моносимптомдық болып табылады. Преэклапсия даму қауіпі бар науқастардың белгілі бір санаты бар.
Бұл 18 жастан төмен немесе 35 жастан жоғары әйелдер, дене салмағының индексі жоғары, экстрагениталды аурулары - созылмалы артериалды гипертензия, бүйрек ауруы,қант диабеті, бауыр аурулары, жүрек-қан тамыр аурулары бар, көп ұрықтық жүктілігі бар әйелдер,ЖТҰ(ЭКО) кейінгі жүктілік т.б. Бұндай әйелдерге есепке ерте тұрып, тексеруден өтіп, алдын-алу мақсатында кейбір дәрілерді, мысалыға, аспирин, фолий қышқылы және кальций препараттарын қабылдап бастаған маңызды.
Дәрілік заттардың мөлшері мен қабылдау уақытын дәрігеріңіз ретеп береді, кей жағдайларда негізгі ауруына байланысты қосымша зерттеулер қажет болады және ұрықтың жағдайын қосымша бақылау, мысалыға Доплерометрия, КТГ.
Кейде уақытынан бұрын босандыру қажет болады, мүмкін ота жолымен, қалайда болса оны дәрігерлер бірігіп шешеді және де ол шешім сіздің және балаңыздың жағдайына байланысты болады.